KK/Prabhupada 1057 - Бһагавад-гита сондай-ақ Гитопанишад деген атпен де белгілі

Revision as of 01:50, 30 July 2015 by Visnu Murti (talk | contribs) (Created page with "<!-- BEGIN CATEGORY LIST --> Category:1080 Kazakh Pages with Videos Category:Prabhupada 1057 - in all Languages Category:KK-Quotes - 1966 Category:KK-Quotes - Le...")
(diff) ← Older revision | Latest revision (diff) | Newer revision → (diff)


Invalid source, must be from amazon or causelessmery.com

660219-20 - Lecture BG Introduction - New York

Надандық түнегінде туған менің көзімді білім шырағымен ашқан рухани ұстазымның лотос сынды табанына зор құрметпен бас иемін. Тәңір Чаитанйаның тілегін орындауға бағышталған ілімді фәни әлемге таратуды бастаған Шрила Рупа Госвами Прабһупаданың лотос сынды табанына қашан пана табар екенмін? Мен рухани ұстазымның және барлық Ваишнавалардың лотос сынды табандарына зор құрметпен бас иемін. Шрила Рупа Госвами мен оның ағасы Санатана Госвамиға, Рагһунатһа Даса Госвамиға, Рагһунатһа Бһатта Госвамиға, Гопала Бһатта Госвамиға, Шрила Джива Госвамиға және олардың серіктеріне зор құрметпен бас иемін. Тәңір Кришна Чаитанйаға, Тәңір Нитйанандаға, Адваита Ачарйаға, Гададһараға және Шривасаның басшылығындағы Тәңір Чаитанйаның барлық серіктеріне зор құрметпен бас иемін. Шри Кришнаға, Шримати Радһараниға және Лалита мен Вишакһаның басшылығындағы күллі гопиларға зор құрметпен бас иемін. О Кришна, о барша азап шегушілердің досы, о жаратылыс бастауы, о гопилардың қожайыны һәм Радһаранидың сүйіктісі, мен Саған зор құрметпен бас иемін. Тәні балқыған алтындай жарқыраған Радһараниға ізетпен бас иемін. Тәңір Кришна жанындай сүйген Сен — Вриндавананың патшаханымысың, Вришабһану патшаның қызысың. Тәңірдің барлық Ваишнава бһакталарына асқан ізеттілікпен бас иемін. Тілек ағашы тәрізді олар барша жанның қалауын орындайды және ақ жолдан тайған тәуелді жандарға үлкен жанашырлықпен қарайды. Шри Кришна Чаитанйаға, Прабһу Нитйанандаға, Шри Адваитаға, Гададһараға, Шривасаға және Тәңірдің басқа да барлық ізбасарларына ерекше қошеметпен бас иемін. О қымбатты Ием, Тәңірдің рухани энергиясы, мейіріміңді төгіп Өзіңе құлшылық еткізе гөр. Фәни құлшылық еткенім үшін енді ұялып жүрмін. Өзіңе құлшылық етуіме мүмкіндік бере гөр. А.Ч. Бһактиведанта Свамидың Гитопанишадқа кіріспесі, Шримад-Бһагаватам мен Басқа планеталарға оңай саяхат кітаптарының авторы, Құдайға қайта оралу журналының редакторы т.с.с. Бһагавад-гита сондай-ақ Гитопанишад деген атпен де белгілі. Ол — Веда білімінің тоқ етер мәні және Веда шастралары арасындағы аса маңызды Упанишадтардың бірі. Бһагавад-гитаға ағылшын тілінде жазылған түсіндірмелер толып жатқандықтан тағы бір түсіндірме жазудың не қажеті бар деген сұрақ та тууы мүмкін. Бұл басылымды құрастыру себебін былайша түсіндіруге болады: Бір... жақында Америкада бір әйел, миссис Шарлотта Ле Бланк менен Бһагавад-гитаның ағылшынша тәржімелерінің қайсысын оқуға болады деп сұрады Әрине, Америкада Гитаның ағылшын тіліне аударылған тәржімелері көп, әйткенмен менің білуімше Америкада ғана емес, тіпті Индияда да олардың бірде-біреуін беделді деуге келмейді, себебі әрқайсысында өз түсіндірмесін берген жазушы Бһагавад-гитаның рухын қаз-қалпында жеткізе алмаған. Бһагавад-гитаның рухы жайында Бһагавад-гитаның өзі айтады. Мысалы, егер емделгіміз келсе, дәрідегі нұсқауды ұстануымыз керек. Өз бетімізбен я досымыздың кеңесімен қабылдауымызға болмайды. Тек дәрігердің немесе дәрідегі нұсқаудың кеңесі бойынша қабылдауға міндеттіміз. Дәл осылай, Бһагавад-гитаны да баяндаушының Өзі айтқандай қаз-қалпында қабылдауға міндеттіміз.