KK/Prabhupada 1057 - Бһагавад-гита сондай-ақ Гитопанишад деген атпен де белгілі



660219-20 - Lecture BG Introduction - New York

Бһагавад-гита сондай-ақ Гитопанишад деген атпен де белгілі. Прабһупада: Рухани ұстазыма зор құрметпен бас иемін. Рухани ұстазым надандық түнегінде туған менің көзімді білім шырағымен ашты. Тәңір Чаитанйаның тілегін орындауға бағышталған миссиясын фәни әлемде орнатқан Шрила Рупа Госвами Прабһупада лотос сынды табанын қашан паналатар екен? Рухани ұстазым мен барша Ваишнавалардың лотос сынды табанына зор құрметпен бас иемін. Барша Ваишнавалар мен алты Госвамиға, Шрила Рупа Госвамиға, Санатана Госвамиға, Рагһунатһа Даса Госвамиға, Рагһунатһа Бһатта Госвамиға, Гопала Бһатта Госвамиға, Шрила Джива Госвамиға және олардың серіктеріне зор құрметпен бас иемін. Шри Адваита Ачарйа Прабһуға, Шри Нитйананда Прабһуға, Шриваса Тһакураның басшылығындағы Шри Чаитанйа Маһапрабһудың барша бһакталарына зор құрметпен бас иемін. Тәңір Кришнаның, Шримати Радһаранидың және Лалита мен Вишакһаның басшылығындағы барша гопилардың лотос сынды табанына зор құрметпен бас иемін. О қымбатты Кришнам, мейірім мұхиты, Сен қиналушылардың досысың, жаратылыс көзісің. Сен сиыр бағушылардың қожайынысың, гопилардың, әсіресе Радһаранидың сүйіктісісің. Саған зор құрметпен бас иемін. Тәні балқыған алтындай сұлу, Вриндавананың патшаханымы Радһараниға ізетпен бас иемін. Сен Вришабһану патшаның қызысың және Тәңір Кришна Сені жанындай сүйеді . Тәңірдің барша Ваишнава бһакталарына зор құрметпен бас иемін. Тілек ағашы тәрізді олар барша жанның арманын орындайды және жолдан тайған жандарды аяйды. Шри Кришна Чаитанйаға, Прабһу Нитйанандаға, Шри Адваитаға, Гададһараға, Шривасаға және Тәңір Чаитанйаның барша бһакталарына бас иемін. О Қымбатты Ием, О Тәңірдің рухани энергиясы, мейіріміңді төгіп Өзіңе құлшылық еткізе гөр. Фәни құлшылық еткенім үшін енді ұялып жүрмін. Өзіңе құлшылық етуіме мүмкіндік бере гөр. А.Ч. Бһактиведанта Свамидың Гитопанишадқа кіріспесі, Шримад-Бһагаватам мен Басқа планеталарға оңай саяхат кітаптарының авторы, Құдайға қайта оралу журналының редакторы т.с.с. Бһагавад-гитаны — Веда білімінің тоқ етер мәні — Гитопанишад деп те атайды, және Веда шастралары арасындағы ең маңызды Упанишадтардың бірі. Осы Бһагавад-гитаға ағылшын тілінде көптеген түсіндірмелер жазылған. Бһагавад-гитаға ағылшын тілінде тағы бір түсіндірме жазудың не қажеті бар деген сұраққа былай жауап беремін: Бір... Бір американ әйел, миссис Шарлотта Ле Бланк менен Бһагавад-гитаның ағылшынша аудармаларының қайсысын оқуыма болады деп кеңес сұрады. Әрине, Америкада Бһагавад-гитаның ағылшынша аудармалары көп, әйткенмен менің білуімше, жалғыз Америкада ғана емес, тіпті Индияда да, олардың бірде-біреуін беделді деуге келмейді, себебі әрқайсысында өз пікірлерін жазғандықтан, Бһагавад-гитаның рухы қаз-қалпында берілмеген. Бһагавад-гитаның рухы Бһагавад-гитаның өзінде ескертілген. Егер әлдебір дәріні ішкіміз келсе, онда дәрідегі нұсқауды ұстануымыз керек. Дәріні өз бетімізбен я досымыздың кеңесімен ішуімізге болмайды, тек дәрігер мен дәрінің нұсқауы бойынша ішуіміз шарт. Дәл осылай, Бһагавад-гитаны да баяндаушының Өзі айтқандай қаз-қалпында қабылдауымыз шарт.