KK/Prabhupada 1061 - Бһагавад-гита бес негізгі хақиқатты қарастырады



660219-20 - Lecture BG Introduction - New York

Йада йада һи дһармасйа гланир бһавати (БГ 4.7), Тәңір Кришна өмірдің шынайы мақсатын орнату салу үшін келеді. Адам өмірінің шынайы мақсатын, миссиясын, міндетін ұмытуын дһармасйа гланиһ дейді. Осындай жағдайларда, көптеген адамдар арасындағы көкірек көзі ояу, ішкі жан-дүниесін танитын ілуде біреуі үшін ғана осы Бһагавад-гита баяндалған. Біз надандық жолбарысымен жұтылғандаймыз, тірі жандарға, әсіресе адамдарға себепсіз мейірімді Тәңір Бһагавад-гитаны баяндап, жан досы Арджунаны шәкірті етті. Тәңір Кришнаның жан серігі болғандықтан, Арджунаның надандық атаулының бәрінен жоғары тұрғаны хақ. Әйтсе де Арджунаның Жоғарғы Иеге өмірдің өзекті мәселелері жайында сұрақ қоюы үшін, адамзаттың болашақ ұрпағының игілігі үшін Құдайдың сол сұрақтарды түсіндіруі үшін, адам өз өмірін жоспарлап, сол жоспарына сай һарекет етіп, адами өмір миссиясын кемеліне келтіре алуы үшін Құдай Арджунаны Курукшетра майданында надандық тұңғиығына түсірді. Бһагавад-гита бес негізгі хақиқатты қарастырады. Бірінші хақиқат — Құдайдың кім екендігі. Бұл Құдайтану ғылымын зерттеудің бірінші сатысы. Құдайтану ғылымы осында түсіндіріледі. Екінші хақиқат — тірі жандардың, дживалардың әуелгі күйі. Ишвара және джива. Құдайдың Түптұлғасын Ишвара дейді. Ишвара — Әмірші дегенді білдірсе, дживалар, тірі жандар... Дживалар, тірі жандар — Ишвара емес, Әмірші емес, керісінше, Әміршінің әмірімен жүрушілер. “Әміршінің әмірімен жүрмеймін, еріктімін” деп жасанды түрде көкірегімді керуім есі түзу адамның нышаны емес. Тірі жанның барлық жағынан бақылауда. Кем дегенде, тәуелді өмірінде бақылауда болады. Сонымен, Бһагавад-гита — Ишвара (Жоғарғы Әмірші), дживалар (бағынышты жандар) және пракрити (фәни табиғат) тақырыптарын қарастырады. Келесісі — бүкіл жаһан тіршілік ететін уақыт ұзақтығы, я осы фәни табиғат көрінісі уақытының ұзақтығы, мәңгі уақыт ұзақтығы. Және карма. Карма дегеніміз — һарекет. Бүкіл жаһан, бүкіл ғарыш көрінісі сан қилы іс-һарекеттерге толы. Барша тірі жандар сан қилы іс-һарекеттермен айналысуда. Сондықтан біз Ишвараның (Құдайдың), дживалардың (тірі жандардың), пракритидің (ғарыш көрінісінің), оны уақыттың қалай басқаратынын және карманың (һарекеттердің) не екенін Бһагавад-гитадан оқып білуге тиіспіз. Бһагавад-гитададағы осы бес тақырып Құдайдың Түптұлғасын я Кришнаны я Браһманды я Параматманы... орнатады. Қалаған намаңызбен атай беріңіз, тек Жоғарғы Әмірші болсын. Жоғарғы Әмірші бар. Сонымен, Жоғарғы Әмірші — бәрінің арасындағы ең ұлысы екен. Тірі жандар мен Жоғарғы Әміршінің бір қасиетке ие. Мысалы, Жоғарғы Әмірші, Тәңір жаһани істерді, фәни табиғатты, бәрін басқарады... Фәни табиғаттың тәуелсіз емес екендігі Бһагавад-гитаның соңғы тарауларында түсіндіріледі. Фәни табиғат Жоғарғы Иенің қол астында һарекет етеді. Майадһйакшена пракритиһ суйате са-чарачарам (БГ 9.10). “Бұл фәни табиғат Менің қол астымда һарекет етеді”, майадһйакшена, “Менің қадағалауыммен”.