KK/Prabhupada 1062 - Фәни табиғатты билеп-төстеуге бейімбіз



660219-20 - Lecture BG Introduction - New York

Демек, қателесеміз. Ғарыш кеңістігіндегі ғажайып құбылыстарды көргенімізде, осы ғажайып көріністердің ту сыртында билеушінің тұрғанын білгеніміз жөн. Билеусіз еш нәрсе болмайды. Билеушімен санаспау — баланың қылығы. Мысалы, инженерлік құрылымы шебер, әдемі автомобиль шапшаң жылдамдықпен көшеде зымырап бара жатыр делік. Оны көрген бала: "Мына автомобиль аттың я басқа да тартушы күштің жетегінсіз қалай зымырап бара жатыр?" деп қайран қалуы мүмкін. Дегенмен есі түзу я ересек адам қанша шебер құралса да, автомобильдің жүргізушісіз қозғала алмайтынын біледі. автомобильдің инженерлік құрылымына қарамастан, жүргізушісіз жүре алмайтынын біледі. Автомобильдің инженерлік құрылымы я электр станциясы... Бүшінгі машина заманына қарамастан, керемет машинаның ту сыртында жүргізушінің отырғанын білуге тиіспіз. Жоғарғы Ие — жүргізуші, адһйакша. Бәрін басқарып істететін Ол — Құдайдың Түптұлғасы. Дживалардың я тірі жандардың тіршілік ететінін Тәңір Бһагавад-гитада айтады, сондай-ақ тірі жандардың Жоғарғы Иенің бөлінбес бөлшектері екенін кейінгі тарауларынан білеміз. Мамаивамшо джива-бһутаһ (БГ 15.7). Амша — бөлінбес бөлшектерім дегенді білдіреді. Алтынның бөлшегі де алтын, мұхит суының бір тамшысы да тұзды, сол секілді, жоғарғы билеушінің, Ишвараның, Бһагаванның я Тәңір Шри Кришнаның бөлінбес бөлшектері ретінде біз де, тірі жандар да — Жоғарғы Иенің бүкіл қасиетіне кіп-кішкентай мөлшерде иеміз. Кіп-кішкентай, бағынышты ишвара болғандықтан, біз де билеуге тырысамыз. Табиғатты билеуге тырысып жүрген біздер бүгінде ғарышты билеуге тырысудамыз. Жасанды планеталарды ұшыруға құлшынудасыздар. Билеуге я жаратуға деген бейімділігіміз осыдан көрінеді, себебі билеуге деген бейімділікке ішінара иеміз. Бірақ бұл бейімділіктің жеткіліксіз екенін білуге тиіспіз. Фәни табиғатты билеп-төстеуге бейім келсек те, біз жоғарғы билеуші емеспіз. Бұл Бһагавад-гитада түсіндірілген. Фәни табиғат деген не? Табиғат та түсіндірілген. Фәни табиғаттың — төменгі пракрити екені Бһагавад-гитада түсіндірілген. Төменгі пракрити. Керісінше, тірі жандардың жоғарғы пракрити екені түсіндірілген. Пракрити дегеніміз — биленуші, бағынышты... Пракрити — әйел я ұрғашы дегенді білдіреді. Әйелінің ісін күйеуінің билейтіні тәрізді, пракрити де бағынышты, биленуші. Құдайдың Түптұлғасы — билеуші болса, керісінше, екі пракрити — тірі жандар мен фәни табиғат, осы екі пракрити де Құдайға бағынышты, биленуші. Жоғарғы Иенің бөлінбес бөлшектері болуына қарамастан, тірі жандардың пракрити екені Бһагавад-гитада түсіндірілген. Бұл Бһагавад-гитаның жетінші тарауында анық ескертілген: апарейам итас ту виддһи апара (БГ 7.5). Бұл фәни табиғат — апара ийам. Итас ту, керісінше, бұдан жоғары басқа пракрити бар. Ол қандай пракрити? Джива бһута... Бұл пракрити үш қасиеттен тұрады: ізгілік, құмарлық және надандық гуналары. Осы үш ізгілік, құмарлық және надандық гуналарынан жоғары тұратын мәңгі уақыт бар. Мәңгі уақыт бар. Осы үш табиғат гуналарының өзара ұштасуынан және мәңгі уақыттың билеуінен, әсерінен, ықпалынан іс-һарекеттер басталады. Бұл іс-һарекеттер карма деп аталады. Ежелден келе жатқан осы іс-һарекеттеріміздің не азабын, не қызығын көрумен боламыз.