KK/Prabhupada 1065 - Ең алдымен фәни тән емес екенімізді үйренуге тиіспіз
660219-20 - Lecture BG Introduction - New York
Ең алдымен фәни тән емес екенімізді үйренуге тиіспіз Осылай фәнимен ластануымызды “тәуелді кезең” дейді. Тәуелді кезең. Және жалған “мен”, “жалған сана... “Мен осы фәни табиғат өнімімін” деген ұғымнан “жалған сана“ туады. Жалған “мен” деген осы. Бүкіл фәни һарекеттер йасйатма-буддһиһ кунапе три-дһатуке (SB 10.84.13). Йасйатма-буддһиһ кунапе три-дһатуке: тәни ұғымда ойлаушылар. Арджуна тәни ұғымда ойлағандықтан, Тәңір бүкіл Бһагавад-гитаны түсіндірді. Демек, өмірге тәни ұғыммен қарауымызды қоюымыз керек. Азат етілгісі келетін йогидың бірінші ісі осы. Ең алдымен фәни тән емес екенімізді үйренуге тиіспіз. Осы фәни санадан азат етілуімізді мукти дейді. Мукти я азат етілу дегеніміз — фәни санадан босау. Шримад-Бһагаватам да азат етілуді былай анықтайды: муктир һитванйатһа-рупам сварупена вйавастһитиһ (SB 2.10.6). Сварупена вйавастһитиһ. Мукти дегеніміз — осы фәни әлемнің ластанған санасынан босап, кіршіксіз пәк санаға орнығу. Бһагавад-гитаның бүкіл өсиеті осы кіршіксіз пәк санамызды оятуды көздейді. Бһагавад-гитаның соңғы өсиетінде Кришна Арджунадан: “Енді санаң тазарды ма?” — деп сұрайды. Санасы тазарды ма екен. Тазарған сана дегеніміз — Тәңірдің өсиеті бойынша һарекет ету.
Тазарған сана деген осы. Тазарған сананың тоқетер мәні осы. Сана әуелден бар, бірақ біз бөлінбес бөлшектер болғандықтан, ластанамыз. Фәни гуналармен ластануға бейімбіз. Керісінше, Құдіреті шексіз Құдай еш уақытта ластанбайды. Құдіреті шексіз Құдай мен титімдей тірі жандар арасындағы айырма осындай. Сана деген не? Сана “мен” дегенді білдіреді. “Мен” кіммін? Ластанған санадағы “мен”: “Мен — айналамдағы көз жететін дүниенің бәрінің қожасымын” дегенді білдіреді. “Мен — ләззат алушымын” дейтін сана таза емес. Бүкіл фәни әлемде әр тірі жанның: “Мен осы фәни әлем әміршісімін, жаратушысымын”, — деп ойлауымен жылжуда. Сана екі психикалық қозғалыстан я екі психикалық бөлімнен тұрады. Біріншісі: “Мен жаратушымын”, екіншісі: “Мен ләззат алушымын”. Шынында шын жаратушы да, шын ләззат алушы да — тек бір Құдай. Жоғарғы Иенің бөлінбес бөлшегі ретінде тірі жан — жаратушы да емес, ләззат алушы да емес, тек көмекшісі. Мысалы, машинаның әр тетігі тек бүтін машинаның көмекшісі. Егер дене бітімімізді зерттесек, қол, аяқ, көз т.б. құралдардың бәрі жұмыла жұмыс істегенімен, дененің осы бөлінбес бөлшектерінің ешқайсысы да ләззат алушы емес, тек асқазан ғана ләззат алушы. Аяғымыз ана жерден мына жерге тасумен болады. Қол жинайды, қол тамақ әзірлейді, тіс шайнайды, осылай дененің барлық бөлшектері асқазанды қанағаттандыру ісімен айналысуда, себебі асқазан — бүкіл денені нәрлендіруші ең маңызды бөлшек. Барлығы асқазанға берілуге тиіс. Пранопаһарач ча йатһендрийанам (SB 4.31.14). Тамырын суарса — ағаш көктейді. Я деніңіз сау болу үшін... Қол, аяқ, көз, құлақ, саусақ т.б. дене бөлшектерінің бәрі асқазанға көмектессе сау-саламат болады. Дәл осылай, ләззат алушы да, жаратушы да — Жоғарғы Тірі Жан, Тәңір. Ал Құдайдың энергиясынан шыққан біздер бағынышты тірі жандармыз, тек Құдайға көмектесуге арналғанбыз, осы көмегімізбен күнімізді көреміз. Мысалы, дәмді асты саусағымызбен аламыз. Егер саусақтарымыз: "Неге асқазанға беруге тиіспіз? Онан да өзіміз жейік", — деп ойласа, қателеседі, себебі саусақтар жей алмайды. Дәмді аспен рахаттанғысы келетін саусақтар асты асқазанға салуға міндетті.