KK/Prabhupada 1071 - Тәңірмен қатынасып, ынтымақтассақ, өзіміз де бақытты боламыз



660219-20 - Lecture BG Introduction - New York

Тәңірмен қатынасып, ынтымақтассақ, өзіміз де бақытты боламыз Кришна деп атағанда Кришнаның намасы қайдағы бір секталық атаулардың бірі емес екендігін есімізде сақтайық. Кришна — ең асқақ ләззат дегенді білдіреді. Тәңір Кришнаның күллі ләззаттың қайнар көзі, асыл қазынасы екені расталады. Рахатты бәріміз аңсаймыз. Ананда-майо `бһйасат (Веданта-сутра 1.1.12). Тәңір сияқты, тірі жандар да, біз де толық саналы болғандықтан, санамыз бақытты аңсайды. Бақыт. Тәңір де мәңгі бақи бақытты, ал егер Тәңірмен қатынасып, ынтымақтассақ, дидарлассақ, өзіміз де бақытты боламыз. Тәңір бұл ажалды дүниеге Вриндаванадағы шат-шадыман ойындарын көрсету үшін түседі. Тәңір Шри Кришнаның Вриндаванада тұрған шағында бақташы бала достарымен, қыздарымен, бақташы ұл-қыз достарымен Тәңір Кришнаның осындай сайран-сауықтары түгелдей қуаныш-шаттыққа толы еді. Кришна десе ішкен астарын жерге қоятын Вриндавананың барша тұрғындары Кришнадан басқа ештеңе білмеген. Тәңір Кришна тіпті әкесі Нанда Маһараджаның өзін періште Индрадеваға табынудан бас тартуға иландырды, себебі Кришна адамдардың ешбір деваға емес, тек бір Құдайдың Түптұлғасына ғана табынуын орнатқысы келді. Себебі өмірдің түпкі мақсаты — Құдайдың мекеніне қайта оралу. Тәңір Кришнаның мекені Бһагавад-гитада (15.6)

na tad bhāsayate sūryo
na śaśāṅko na pāvakaḥ
yad gatvā na nivartante
tad dhāma paramaṁ mama
(BG 15.6)

Мәңгі аспан сипаттамасы… Аспанға фәни тұрғыдан қарайтындықтан, біз аспанды Күн, Ай, Жұлдыздарымен елестетеміз. Алайда Тәңір бұл өлеңінде: “Менің мәңгі аспаным Күнге мұқтаж емес” дейді. на тад бһасайате сурйо на шашаңко на павакаһ (BG 15.6). “Менің мәңгі аспаным Айға да мұқтаж емес” дейді. На павакаһ — электр энергиясы да, от та, жарық беретін шам да қажет емес дегенді білдіреді, себебі рухани аспан браһма-джйоти сәулесімен жарық шашып тұр. Браһма-джйоти, йасйа прабһа (Бр. Смһ. 5.40), жоғарғы мекен нұры. Басқа планеталарға жетуге ұмтылып жүрген бүгінгі заманда Құдайдың мекенін түсіну онша қиын емес. Голока деп аталатын Құдайдың мекені рухани аспанда. Бұл Браһма-самһитада (5.37) тамаша сипатталған: голока эва нивасатй акһилатма-бһутаһ (Бр. Смһ. 5.37). Голока мекенінде мәңгі өмір сүруіне қарамастан, Тәңір бәрібір акһилатма-бһутаһ, яғни Оған осы жерден де жете аламыз. Сондықтан Тәңір шынайы кейпін, сад-чид-ананда-виграһасын (Бр. Смһ. 5.1) ашу үшін келеді, сонда Оның кейпі жайында жорамал жасауымызды қоямыз.