KK/Prabhupada 1075 - Осы өмірдегі істерімізбен келесі өмірге дайындаламыз
660219-20 - Lecture BG Introduction - New York
Анта-кале ча мам эва смаран муктва калеварам (BG 8.5) дейді Тәңір: Тәнінен шығар сәтінде Құдайдың Түптұлғасы Кришнаны жадында сақтайтын жан әп-сәтте сач-чид-ананда-виграһа (Бр. Смһ. 5.1) рухани тән алады. Осы тәнін тастап, басқа тән алу жолы да фәни әлемде ұқыпты ұйымдастырылған. Келесі өмірінде қандай тәнге иеленетіні шешілген соң ғана адам өледі. Бұл шешімді адамның өзі емес, жоғарғы беделдер қабылдайды. Бұл бізді жұмысымызда не көтермелеп, не түсіріп тастайтыны іспетті. Осы өмірдегі істерімізге сәйкес біз де… Осы өмірдегі істер келесі өмірге дайындайды. Осы өмірдегі істерімізбен келесі өмірге дайындаламыз. Сонымен, егер осы өмірімізді Құдайдың патшалығына көтерілуге дайындасақ, онда осы фәни тәнімізден шыққан соң... Йаһ прайати: “Маған келеді” дейді Тәңір: са мад-бһавам йати (BG 8.5), мад-бһавам: “Құдайдың тәніндей рухани тәнге я табиғатқа иеленеді”. Бұдан бұрын түсіндіргеніміздей, әр түрлі йогилар бар: браһма-вади, параматма-вади және бһакталар. Рухани аспанда, браһма-джйотиде сансыз көп рухани планеталар бар екенін бұдан бұрын талқыға салған едік. Сол рухани планеталардың саны осы фәни әлемдегі барша жаһандардан анағұрлым көп. Фәни әлем — экамшена стһито джагат (BG 10.42). Фәни әлем шамамен жаратылыстың төрттен бір бөлігін ғана құрайды. Жаратылыстың төрттен үш бөлігі рухани әлемде. Жаратылыстың осы төрттен бір бөлігінде біздің енді ғана зерттей бастаған миллиондаған жаһандар бар. Әр жаһанда миллиондаған, миллиардтаған планеталар бар. Сонымен, бүкіл фәни әлемде миллиондаған, миллиардтаған Күндер мен Жұлдыздар және Айлар болғанымен, Осы бүкіл фәни әлем — бүкіл жаратылыстың төрттен бір бөлігін ғана құрайды. Жаратылыстың төрттен үш бөлігі рухани аспанда. Мад-бһавам, Жоғарғы Браһманның болмысымен біріккісі келетіндер Құдайдың браһма-джйотиімен бірігеді. Мад-бһавам дегеніміз — браһма-джйотидегі рухани планеталарды білдіреді. Ал Тәңірмен жүзбе-жүз дидарласу ләззатын аңсайтын бһакталар Ваикунтһа планеталарына енеді. Сансыз көп Ваикунтһа планеталарында Құдайдың Түптұлғасы Шри Кришна Өзінің толық экспансиясы — төрт қолды Нарайана кейпінде Прадйумна, Анируддһа, Мадһава, Говинда т.с.с. намаларымен аталады. Төрт қолды Нарайананың сансыз көп намалары бар. Ол планеталардың бәрі — мад-бһавам, рухани табиғат аясында. Сонымен, өмірінің соңында браһма-джйоти туралы ойлайтын я Параматмаға медитацияға шоматын я Құдайдың Түптұлғасы Шри Кришна туралы ойлайтын кез келген йоги рухани аспанға енеді. Дегенмен тек Құдаймен жүзбе-жүз дидарласқан бһакталар ғана Ваикунтһа планеталарына я Вриндавана Голокасына енеді. Йаһ прайати са мад-бһавам йати настй атра самшайаһ (BG 8.5)дейді Тәңір. Осы күмәнсіз хақиқатқа күмәнданбаңыздар. Мәселе осында. Бһагавад-гитаны өмір бойы оқысақ та, егер Тәңір біздің ойымызға сәйкес келмейтін бірдеңе айтса, жоққа шығарамыз. Бһагавад-гитаны бұлай оқу дұрыс емес. Сарвам этад ритам манйе: “Айтқаныңның бәріне сенемін” (BG 10.14) деді Арджуна. Тыңдау барысында. “Өлім сәтінде Мен туралы — Браһман я Параматма я Құдайдың Тұлғасы кейпінде ойлайтын жан рухани аспанға күмәнсіз енеді” дейді Тәңір. Бұған күмәнданбаңыздар. Өлім сәтінде Құдай туралы ойлау барысында рухани мекенге жету жолын Бһагавад-гита былай түсіндіреді:
- yaṁ yaṁ vāpi smaran bhāvaṁ
- tyajaty ante kalevaram
- taṁ tam evaiti kaunteya
- sadā tad-bhāva-bhāvitaḥ
- (BG 8.6)