KK/Prabhupada 1079 - Бақи шастра болып саналатын Бһагавад-гитаны өте мұқият оқу шарт
660219-20 - Lecture BG Introduction - New York
Бақи шастра болып саналатын Бһагавад-гитаны өте мұқият оқу шарт Осы Бһагавад-гитаны я Шримад-Бһагаватамды Құдайды танитын жанның аузынан тыңдасақ, 24 сағат бойы Құдай туралы ойлау өнерін үйренеміз. Нәтижесінде, анта-кале, Құдайды жадымызда ұстап, тәнімізді тастап шыққан соң Құдаймен қатынасқа енуге мейлінше лайықты рухани тәнге иеленеміз. Сондықтан Тәңір былай дейді:
- abhyāsa-yoga-yuktena
- cetasā nānya-gāminā
- paramaṁ puruṣaṁ divyaṁ
- yāti pārthānucintayan
- (BG 8.8)
Анучинтайан, тек Құдайды үнемі ойлау. Бұл тәсіл әсте қиын емес. Бұл тәсілді ұстаздан шәкіртке табыстау тізбегінен үйренген білікті ұстаздан үйренуіміз шарт. Тад-виджнанартһам са гурум эвабһигаччһет (МУ 1.2.12): осы тәсілмен іс жүзінде айналысатын ұстаздан үйрену шарт. Абһйаса-йога-йуктена: үнемі айналысу деген осы. Абһйаса... Құдайды үнемі есте ұстау тәсілі. Четаса нанйа-гамина. Әр нәрсеге алып-ұшып, тыным таппайтын ақыл-ойымызды Тәңір Шри Кришнаның кейпіне немесе Кришнаның киелі намасының дыбысына үнемі шоғырлау оңайырақ. Әр нәрсеге алып-ұшып, тыным таппайтын беймаза ақыл-ойымызды тыңдаудың орнына, құлағымызды Кришнаның киелі намасының дыбыс ырғағын тыңдауға шоғырласақ, бұл да абһйаса-йогаға шомуымызға септігін тигізеді. Четаса нанйа-гамина парамам пурушам дивйам (БГ 8.8). Рухани патшалықтағы, рухани аспандағы парамам пурушамға, Құдайдың Түптұлғасына анучинтайан, үнемі ойлау арқылы жете аламыз. Бһагавад-гитада көрсетілген осы амал-тәсілдермен айналысқысы келетін ешкімге тыйым жоқ. Тек белгілі бір таптар ғана айналыса алады деу жөн емес. Тәңір Кришна туралы ойлау, Тәңір Кришна туралы тыңдау баршаның қолынан келеді. Тәңір Бһагавад-гитада былай дейді:
- māṁ hi pārtha vyapāśritya
- ye 'pi syuḥ pāpa-yonayaḥ
- striyo vaiśyās tathā śūdrās
- te 'pi yānti parāṁ gatim
- (BG 9.32)
- kiṁ punar brāhmaṇāḥ puṇyā
- bhaktā rājarṣayas tathā
- anityam asukhaṁ lokam
- imaṁ prāpya bhajasva mām
- (BG 9.33)
Тәңірдің айтуынша, тіпті өмірдің ең төменгі сатысындағы күнәһарлар да, жезөкшелер де, саудагерлер де, қара жұмысшылар да... саудагерлер, қара жұмысшылар, жезөкшелер бір сатыда болып саналады, себебі зерделері онша жетілмеген. Тәңірдің айтуынша, олар да, тіпті олардан да төмен сатыдағылар да, мам һи партһа вйапашритйа йе `пи сйуһ (BG 9.32), олар ғана емес, олардан да төмен сатыдағылар да, кез келгені, кім болса да, бһакти-йога ұстанымын ұстанатын және Құдайды өмірдің жоғарғы игілігі, ең биік нысанасы, түпкі мақсаты деп мойындайтын кез келген жан... мам һи партһа вйапашритйа йе `пи сйуһ, те `пи йанти парам гатим, рухани патшалықтағы, рухани аспандағы парам гатимға бәріміз де жете аламыз. Тек осы жүйені ұстансақ жетіп жатыр. Бһагавад-гитада анық түсіндірілген осы жүйені ұстансақ, кемелімізге келіп, фәни өмір қиыншылықтарын біржола шешеміз. Бһагавад-гитаның тоқ етер мәні осы. Тоқ етерін айтқанда, бақи шастра болып саналатын Бһагавад-гитаны өте мұқият оқу шарт. Гита-шастрам идам пунйам йаһ патһет прайатаһ пуман. Өсиеттерін дұрыс ұстансақ, нәтижесінде фәни тіршіліктің қайғы-қасіреті мен дүрбелеңінен тегіс арыламыз. Бһайа-шокади-варджитаһ (Гита-маһатмйа 1) — осы өміріміздегі үрейлерімізден түгел арылып, келесі өмірімізде рухани әлемге келеміз.
- gītādhyāyana-śīlasya
- prāṇāyama-parasya ca
- naiva santi hi pāpāni
- pūrva-janma-kṛtāni ca
- (Gītā-māhātmya 2)
Бһагавад-гитаның тағы бір артықшылығы: егер Бһагавад-гитаны шын көңілмен құлай беріле оқысақ, Құдайдың мейір-шапағатының арқасында бұрын істеген күнәларымыздың салдарынан құтыламыз (Гита-маһатмйа 2).