KK/Prabhupada 1064 - Тәңір әр тірі жанның жүрегінде

Revision as of 22:16, 23 October 2018 by Vanibot (talk | contribs) (Vanibot #0023: VideoLocalizer - changed YouTube player to show hard-coded subtitles version)
(diff) ← Older revision | Latest revision (diff) | Newer revision → (diff)


660219-20 - Lecture BG Introduction - New York

Тәңір әр тірі жанның жүрегінде Жоғарғы сана Бһагавад-гитада түсіндіріледі, джива мен ишвара арасындағы айырмашылық он үшінші тарауда түсіндіріледі. Кшетра-кшетра-джна. Кшетра-джна дегеніміз — Тәңірдің де саналы екендігін және дживалардың, тірі жандардың да саналы екендігін білдіреді. Айырмасы мынада: тірі жан бір өзінің шектеулі тәнін ғана білсе, керісінше, Тәңір барша тәндерді біледі. Ишвараһ сарва-бһутанам һрид-деше 'рджуна тиштһати (BG 18.61).

Әр тірі жанның жүрегінен орын тепкендіктен, Тәңір әр дживаның пиғылын, іс-қимылын біліп отырады. Осыны ұмытпағанымыз жөн. Параматма я Құдайдың Түптұлғасы әр тірі жанның жүрегінде Ишвара, Әмірші, Бағдарлаушы кейпінде өмір сүреді деп те түсіндіріледі. Ол бізді бағдарлап отырады. Сарвасйа чаһам һриди саннивиштһаһ (BG 15.15), Әрқайсымыздың жүрегіміздегі Тәңір тілепімізге орай іс-һарекетімізді бағдарлап отырады. Тірі жан не істегісі келгенін ұмытып қалады. Алдымен өз еркімен һарекет етуге бел буған тірі жан кейіннен өз кармасының салдарына шырмалады. Бірақ бір тән түрін тастап шыққан соң жан басқа тән түріне енеді... Бір киімді шешіп, басқасын киетініміз сияқты, Бһагавад-гита да дәл осылай түсіндіреді: васамси джирнани йатһа виһайа (BG 2.22). Киімдерімізді ауыстырып отыратынымыз сияқты, тірі жандар да тәндерін ауыстырып, бір тәннен басқасына көшіп, өткенде істеген һарекеттерінің себеп-салдарын басынан өткеріп отырады. Сонымен, егер тірі жан ізгілік гунасына көтеріліп, салауатты күйіне оралса және нені істеп, неден тыйылу қажеттігін түсінсе, өткенде істеген һарекеттерінің себеп-салдары түгел өзгереді. Сондықтан карма мәңгі емес. Ишвара, джива, пракрити, кала (уақыт) және карма, осы бесеуінің төртеуі мәңгі, керісінше, бесіншісі, карма мәңгі емес.

Енді, жоғарғы саналы Ишвара жөнінде. Жоғарғы саналы Ишвара я Тәңір мен тірі жан арасындағы айырма мынада: Тәңір мен тірі жандар, екеуі де бақи, рухани саналы. Сана фәнимен жанасудан жаралмайды. Бұл жаңсақ ұғым. Сана — фәни элементтер белгілі бір жолмен біріккен жағдайларда жаратылады деген теорияны Бһагавад-гита теріске шығарады. Бұлай болуы мүмкін емес. Фәни жағдайлардың жабындысы астында бүркемеленген тірі жанның санасы да бұрмаланып шағылысады, бұл түрлі түсті шыны арқылы шағылысқан сәуленің алуан түске боялуына ұқсас. Дәл осылай, Құдайдың санасы да фәнимен ластанбайды. Майадһйакшена пракритиһ (BG 9.10) дейді Тәңір Кришна. Осы фәни әлемге келіп түскенінде Тәңір Кришнаның санасы фәнимен ластанбайды. Егер санасы фәнимен ластанса, Бһагавад-гитадағы бақи ғылымды баян ете алмас еді. Фәнимен ластанған санамыздан босамайынша, бақи әлем туралы еш нәрсе айта алмаймыз. Демек, Тәңір фәнимен ластанбаған. Ал біздің қазіргі санамыз фәнимен ластанған. Бһагавад-гита фәнимен ластанған санамызды тазарту жолын үйретеді. Санамыз тазарғанда Ишвараның ниетіне сай һарекет етіп, бақытқа бөленеміз. Біз һарекет етуімізді тоқтата алмаймыз. Һарекеттерімізді тазартуымыз шарт. Һарекеттеріміздің тазаруын — бһакти дейді. Қарапайым һарекеттерге ұқсағанымен, бһакти — ластанбаған пәк таза һарекет. Бһакта да қарапайым пенде сияқты һарекет етеді деп жаңылысатын білімсіз надандар бһактаның һарекеттерінің я Тәңірдің һарекеттерінің фәни кір санамен, фәни табиғаттың үш гунасының кірімен ластанбайтынын, керісінше, бақи санада істелетінін білмейді. Сонымен, санамыздың фәнимен ластанғанын білгеніміз жөн.